Масаң күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік

Масаң күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы бойынша мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін 13 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Ақтөбе қаласының №2 соты ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (абайсызда мүліктің бүлінуіне алып келген, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа берілген сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

Бұған дейін сотталушы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған, ол бойынша 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге, яғни 14.03.2030 жылға дейін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Алайда сотталушы түзету жолына түспей, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сот мемлекеттік айыптау тарабының жаза түрі бойынша пікірін ескеріп, сот үкімімен сотталушыға көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!

Біз Сізге қылмыстың бұл түрі үшін өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын хабарлаймыз.

Осылайша жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқармауға шақырамыз.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

#Жауапкершілік