Сотталғандарға есірткі қылмыстары бойынша жазаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Сотталғандарға есірткі қылмыстары бойынша жазаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасымен түзеу мекемесі әкімшілігімен бірлесіп көшпелі кеңес өткізіліп, есірткі және психотроптық заттарды сатқан сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев сотталғандарға есірткі және психотроптық заттарды өткізуге байланысты қылмыстарға қатысты қылмыстық заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндірді.

Бұл заңнамалық жаңашылдықтар өзекті болып табылады және синтетикалық есірткіні сатқан сотталғандарды қоса алғанда, көптеген сотталғандардың мүдделеріне әсер етеді.

Заңнамадағы өзгерістер есірткі мен психотроптық заттарды өткізу, заңсыз сатып алу, тасымалдау, жөнелту және өткізу мақсатында сақтауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті нақты ажыратуға, сондай-ақ заңсыз есірткі өндірушілеріне жазаны қатаңдатуға бағытталған.

Жазаны даралау және оның жасалған қылмысқа сәйкестігі қағидаларын ескере отырып, заң шығарушы есірткі мен психотроптық заттарды сақтаған және таратқан, соның ішінде «қойып кетушілер» деп аталатын тұлғалар үшін бас бостандығынан айыру мерзімінің шекті деңгейлерін төмендетті.

Нәтижесінде, бірқатар қылмыстар аса ауыр санатынан ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.

Бұл колонияда жаңа ізгілендірілген нормаларға жататын 100-ден астам сотталушы жазасын өтеп жатыр, оларға жақын арада үкімдерді орындау аясында заң нормалары қолданылуы тиіс.

 Кездесу соңында облыс прокурорының бірінші орынбасары сотталғандарды жеке қабылдады.        

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

#Жауапкершілік