
Облыс прокуратурасында «Азаптаудың алдын алу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары» тақырыбында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараға үйлестіру кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі, Ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі, сондай-ақ прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Облыс прокуроры Марат Әбішев 2023 жылдан бастап прокуратура органдарына азаптау істері бойынша баламасыз ведомстволық бағыныстылық берілгенін атап өтті.
Бұл ретте тергеудің мұндай рұқсат етілмеген әдістерінің алдын алу және жолын кесу шараларына ерекше көңіл бөлінеді.
Осыған байланысты облыс прокуратурасы «Азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі алғашқы кезектегі шаралар жоспарын» бекітті және ведомствоаралық жұмыс тобын құрды.
Прокурорлар «Құқық қорғау органдарына келушілердің Электрондық есебі» базасын тұрақты түрде бақылауда ұстап, пенитенциарлық мекемелерде, құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларында (кабинеттерінде) тексерулер ұйымдастырады.
Осы жылы облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы семинар-тренинг өткізді, оған «Қадір-Қасиет» ҚБ өкілдері, ҚР Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ұлттық алдын алу тетігінің өкілі және «Дәріс» ҚБ өкілдері қатысты.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста азаптауға қатысты бірде-бір шағым расталған жоқ (2024 жылы арнайы прокурорлар азаптау бойынша 3 қылмыстық істі тергеді, бірақ олардың барлығы қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды).
Үйлестіру кеңесінің отырысында құқық қорғау және арнайы органдарға келесі қосымша тапсырмалар берілді:
- прокуратураның ішкі қауіпсіздік қызметтерімен және кадр бөлімдерімен өзара іс-қимылын күшейту;
- азаптауға қатысты барлық өтініштерді жедел процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық прокуратураға жіберу;
- пенитенциарлық мекемелерде, полиция қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Осы күні прокуратура алқасының отырысы өтіп, онда белгіленген мерзімнен асып кеткен қылмыстық істерді тергеу сапасы мен уақтылығы талқыланды.
Облыс прокуроры прокурорлар анықтаған қылмыстық-процессуалдық заңнаманы бұзу фактілеріне назар аударды.
Осыған байланысты кінәлі лауазымды тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін прокурорлық қадағалау актілерін енгізу тапсырылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік