
«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасының бастамасымен Қ.Жұбанов атындағы университетте ашық диалог форматында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 51 мыңнан астам студенттерін бейнеконференцияға қосылу арқылы қамтыған кездесу өтті.
Іс-шараға облыс прокуратурасының қызметкерлері, әкім орынбасары, Полиция департаменті өкілдері және оқу орындарының басшылары қатысты.
Студенттерге есірткінің заңсыз айналымы мен жастарды қылмысқа тартудың салдарын нақты көрсететін «Закладка» атты деректі фильм көрсетілді.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткінің барлық түрлерінің айналымына қатысты туындайтын жауапкершілік, бопсалау және алаяқтық мәселелері талқыланды.
Облыс прокуратурасы өскелең жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және әрбір жастың санасында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңбәрінеортақ