«Мағаджан» бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды

«Мағаджан» бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС-нің директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шаралар қабылдамаған.

2024 жылы 4 сәуірде бөгет жарылып нәтижесінде Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдарын су шайып, азаматтардың мүліктері мен инфрақұрылымға зиян келтірілген.

Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-нің 254-бабымен (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП