Ақтөбеде прокурорлар алимент төлеуден жалтару деректері бойынша тоқтатылған қылмыстық істердің күшін жойды

Ақтөбеде прокурорлар алимент төлеуден жалтару деректері бойынша тоқтатылған қылмыстық істердің күшін жойды

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заң бойынша балаларын асырауға міндетті тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, облыстық прокуратурамен алимент төлемеу деректері бойынша тоқтатылған қылмыстық істер зерделенді.

Осы жылы полиция органдарымен 13 сотқа дейінгі тергеп-тексеру  өндірістен тоқтатылған.

Прокуратурамен 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы заңсыз шешімдердің күші жойылып, қосымша тергеп-тексеруге жолданды.

Істерді қайта бастауға полиция органдарының қылмыстық қудалауды негізсіз тоқтату туралы шешімдері негіз болды.

Мысалы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы 5 қылмыстық істер бойынша қылмыстық қудалау органымен борышкерлер анықталмаған, бірақ, соған қарамастан қылмыстық істер қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Қалған 5 сотқа дейінгі істер бойынша алимент төлеушілер анықталып, алайда, жазаның бұлтартпастығы қағидасы жүзеге асырылмай, әкімшілік шаралар қабылданбай, алимент өндірілмей, балалардың құқықтары қалпына келтірілмеген.

Осыған орай, алимент бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігін еске саламыз және оларды елемегені үшін жауапкершілік туралы ескертеміз.

Балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.