Ақтөбе облысындағы балабақшалардың жұмысшыларына жалақыға қажетті үстемақылар қосылмаған

Ақтөбе облысындағы балабақшалардың жұмысшыларына жалақыға қажетті үстемақылар қосылмаған

Ақтөбе облысының прокуратурасы 2022-2024 жылдар аралығында Хромтау және Ойыл аудандарындағы балабақша қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақылар есептелмегенін анықтады.

Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарын шектеуге болмайды. Әркімнің еңбек әлемінде өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға тең мүмкіндіктері бар.

Тексеріс барысында Хромтау қаласындағы балабақшалардың бірінің 39 қызметкері ешқандай тәртіптік жазасыз ұзақ уақыт бойы талап етілетін жалақысына үстемақы алмағаны анықталды.

Ал, аталған ұйымның 19 қызметкері тәртіптік жазаға тартылған болса да, 500 мың теңгеден астам сыйақы алған.

Тексерумен 36 қызметкерге 250 000 теңгеден 450 000 теңгеге дейін, ал қалған 47 қызметкерге 50 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін екі айлық еңбекақы төленіп, әртүрлі мөлшердегі үстемеақылардың төлену фактілері анықталды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 33 қызметкерге үстеме жұмыс істегені үшін жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам жалақыға үстемақы төлемеу фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының негізінде аталған жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.