
Ақтөбе қаласының прокуратурасы ағымдағы жылы сотталғандардың қайталап жасаған құқық бұзушылықтарын есепке алудан жасырудың 9 фактісін анықтады.
Мысалы, ағымдағы жылдың наурыз айында пробация қызметінде есепте тұрған Н.Төлепбергенов, Ақтөбе қаласындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде ішімдік ішкен мас күйінде Н.Бекниязовқа қатысты дене жарақатын келтірген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алайда, деректер базасында есептегінің қайтадан құқық бұзушылық жасағаны көрсетілмеген.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы прокуратурасының бастамасымен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде 20-дан астам есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты жерінде болмағаны анықталып, оларға қатысты ескертулер жасалды.
Сонымен қатар, есепте тұрғандар тарапынан қайталап қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мақсатында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, оның аясында 10-нан астам есепте тұрғандар қаланың ірі кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылып, 20 тұлғаға қатысты 40 000 теңге көлемінде біржолғы көмек ретінде жәрдемақылар тағайындалды.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде қалалық пробация қызметінің 3 лауазымды тұлғалары әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.