Ақтөбеде кәсіпкерлер колонияда кәсіп ашты

Ақтөбеде кәсіпкерлер колонияда кәсіп ашты

А.ж. сәуір айында облыс прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесінде қала кәсіпкерлеріне кәсіп ашу мақсатында «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

Бүгінде мекеме аумағында 400-ден астам сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған 11 шағын және орта бизнес субъектілері бар.

Акция қорытындысы бойынша қызығушылық танытқан кәсіпкерлер термофасад және киім-кешек жасайтын мекемеде кәсіп ашуға ниет білдірді.

Мұндай ынтымақтастықтың артықшылықтары өндірістік үй-жайлардың, жұмыс істейтін шеберханалардың болуы, жалға алудың болмауы, объектілерді күзетуді қамтамасыз ету және дабылдарды немесе күзет қызметкерлерін орнатудың қажеті жоқ, кәсіпкердің қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, тегін үй-жайларды таңдау мүмкіндігі, және дайын инфрақұрылымның болуы.

Сонымен қатар, кәсiпкерлердiң кәсiпкерлiк кадрларды таңдау үшiн жұмыспен қамту органдарына хабарласуының қажеті жоқ, мекеме мен қылмыстық-атқару жүйесi кәсiпорындары олардың құрамындағы мамандардың есебiн жүргiзедi.

Қазіргі таңда №8 мекеме аумағында металл конструкциялардан жиһаз жасайтын цехтар, қоршаулар, балалар алаңдары, қолөнер бұйымдары, киім тігу, наубайхана, тағы басқа нысандар жұмыс істейді.

Кәсіпкерлікті қолдау және сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда.