Ақтөбеде мүгедек балаларды емдеуге арналған қаражатты жымқырғаны үшін «More Life» қоғамдық қорының директоры қамауға алынды

Ақтөбеде мүгедек балаларды емдеуге арналған қаражатты жымқырғаны үшін «More Life» қоғамдық қорының  директоры қамауға алынды

Полиция органы бірқатар жәбірленушілердің «More Life» қоғамдық қорының директорыне қатысты жазған арыздары негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен яғни, аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қормен жинақталған қаражаттар мүгедек балаларды емдеуге арналған.

2023 жылы «More Life» Қорының директоры Ж., алаяқтық жасау мақсатында жәбірленушілердің бірімен кәмелетке толмаған церебральды сал ауруы диагнозымен есепте тұрған А-ның емделуіне 30 млн. көлемінде қаражат жинақтауға келісім шарт жасаған.

Жиналған қаражат 22 млн. теңгеге жеткен соң, күдікті Ж., жәбірленуші мен кәмелетке толмаған А-ны. Беларусь Республикасының Минск қаласына емделуге жіберген.

Алайда, жәбірленуші келгеннен кейін, жинақталған қаражаттың медициналық мекеменің есеп-шотына түспегенін анықтады.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер облыс прокурорының жеке қабылдауында болды.

Тергеу барысы тәжірибелі қызметкерлермен құрылған топтың қатаң бақылауына алынып, жедел-тергеу тобы құрылды.

Облыс прокурорының нұсқауымен «More Life» Қорының директоры ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, оған қатысты 2 ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі терге-тексеру амалдары жүргізілуде, барлық зардап шеккендердің саны мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.