Ақтөбе облысының прокуратурасы республикалық және халықаралық маңызы бар көлік жолдарында жол қозғалысының қауіпсізі үшін

Ақтөбе облысының прокуратурасы республикалық және халықаралық маңызы бар көлік жолдарында жол қозғалысының қауіпсізі үшін

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықты қадағалау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

16.04.2024 ж. жағдай бойынша 24 жол-көлік оқиғасы орын алған, 25 адам қаза тауып, 46 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Соңғы жаппай жол-көлік оқиғасы 2024 жылы 10 сәуірде Самара-Шымкент тас жолында болды, оның салдарынан «Toyota-Alhpard» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, 4 жолаушы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне республикалық және халықаралық маңызы бар көлік жолдарындағы жол-көлік оқиғасы көрсеткіштерін талдау нәтижелері бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген болатын.

Тексеру актісін қарау қорытындысы бойынша 2024 жылғы 11 сәуірде Самара-Шымкент тас жолына кешенді тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдамаған.

Олардың әрекетсіздігінің нәтижесінде жағдай нашарлап, қайғылы салдар орын алып отыр.

Жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында, осыған байланысты көлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екендігі туралы өтініш білдіреміз.