Ақтөбеде ішімдікке салынған ана, кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен

Ақтөбеде ішімдікке салынған ана, кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен

«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасымен құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрамында ведомствоаралық тобы құрылды.

Мобильдік топтар ата-аналары азғындық өмір салтын ұстанатын, алкогольдік ішімдікке салынған, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын отбасыларды тұрақты негізде аралайды.

Мысалы, Ақтөбе қаласының прокуратурасымен 5-14 жас аралығында кәмелетке толмаған балдардың анасы алкогольдік ішімдікке салынып, өз балаларын қараусыз қалдырғандығы анықталды.

Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді.

Қазіргі таңда, барлық балалар «Аяла» орталығына орналастырылып, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді.

Аталған дерек бойынша балалардың анасын ата-ана құқығынан айыруға тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинақталуда.

Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.