Кәсіпкерге қатысты заңсыз қылмыстық іс

Кәсіпкерге қатысты заңсыз қылмыстық іс

Кәсіпкерге қатысты басталған қылмыстық қудалау Хромтау ауданының прокуратурасымен өндірістен тоқтатылды.

Прокуратураның мобильді тобына түскен сигнал бойынша анықталғаны, а.ж. 21 ақпанында Хромтау аудандық ПБ-нің қызметкерлерімен «Сектор» ойын клубының жұмыс жасап тұрған кәсіпкерге қатысты қандай-да бір арыз немесе шағым болмағанына қарамастан, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану дерегі бойынша ҚК-тің 198-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алайда, қылмыстық қудалау органы қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес, аталған санаттағы істердің тек жәбірленушінің шағымынан ғана басталатынын ескермеген.

Осыған байланысты аудан прокуратуарсымен кәсіпкерге қатысты негізсіз басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірістен тоқтатылып, тәркіленген мүлік кәсіпкерге қайтарылып берілді.

Полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс жүргізу өндірісі қозғалды.