Екі кәмелетке толмағанды өлтіру дерегі облыс прокуратурасының бақылауында

Екі кәмелетке толмағанды өлтіру дерегі облыс прокуратурасының бақылауында

03.01.2024ж. сағат 00:10 шамасында «102» пультіне Ақтөбе қаласы Қызылжар ауылында орналасқан «Алмаз» дүкенінің жанында топтық төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы шықты.

Бұл дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің ҚК-тің 1, 9, 14-тармақтарымен қылмыстық іс тіркелді.

Алдын ала деректерге сәйкес 02.01.2024 ж. «Instagram» желісінде кәмелетке толмағандар А және В арасында жанжал туындап, нәтижесінде кәмелетке толмаған В келесі күні «Алмаз» дүкенінің жанында кездесуді ұсынған.

02.01.2024ж. сағат 23:00 шамасында топтық төбелес барасында кәмелетке толмағандар А және С пышақ қолдану арқылы келтірілген дене  жарақаттарын алған.

Нәтижесінде Ақтөбе қ. ЖМЖА - да алған жарақатынан есін жимай екі кәмелетке толмағандар қайтыс болды.

Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды.

Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауға алды.