Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарымен маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде.
Осы мақсатта, облыс прокуратурасының базасында Фронт-офис құрылып, негізгі міндетіне проблемалық сұрақтарды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
Атқарылып жатқан жұмыс шеңберінде облыс прокуратурасы «Қазгеоруд» ЖШС-мен орын алған проблемалық кейс қаралды.
Аталған инвестор Хромтау ауданында 45 млрд теңге инвестицияны құрайтын мыс және мырыш өндіру бойынша «Лиманное» кен орнын игеру ірі жобасын іске асыруда.
Бір жарым жыл бойы инвестордың жол құрылысына жер учаскесі бөлінбегендіктен жобаны жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған.
Жол салу қажет болған аумақ 18 шаруа қожалығының жер учаскелері арқылы өтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге келіспейтінін білдірген.
Прокуратураның үйлестіруімен аудан әкімдігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар шаруа қожалықтарының басшыларымен аталған жер учаскелерін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер нәтижесінде, инвестор мен қожалық иелері арасында келісімге қол жеткізіліп, қажетті жер учаскелері мемлекет жер қорына қайтарылды.
Бүгінгі таңда, жер комиссиясының оң қорытындысымен автожол салу үшін, аталған жер учаскелерін беру туралы шешім қабылданды.
Прокуратурада бизнесті қорғау мақсатында инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз.
Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) қиындықтарға тап болған жағдайда, өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, прокуратура органдарына жүгіне алады (байланыс нөмірі +77013006761).