Ақтөбедегі түнгі клубта кісі өлтіргені үшін 16 адам сотталды

Ақтөбедегі түнгі клубта кісі өлтіргені үшін 16 адам сотталды

     Бүгін 21.11.2023 жылы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе қаласындағы «Миллиардер» түнгі клубында екі адамды өлтіру фактісі бойынша 16 адамға қатысты әртүрлі қылмыстар бойынша сот үкімі шықты.

     Тергеу барысында 16 адам қамауға алынды.

     Хасенов және Түктібай кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, сәйкесінше 15 және 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

     Сонымен қатар, осы іс бойынша тағы 14 сотталған бұзақылық жасағаны, аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны және оны жасырғаны үшін 2,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

     Осы үкіммен «Миллиардер» түнгі клубын жалға алушы   А.Қаратаев Қылмыстық кодекстің 434-бабымен  (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

     Бір кәмелетке толмаған сотталушы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

      Үкім заңды күшіне енген жоқ.