
Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстың мемлекеттік органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама нормаларының талаптарын сақтамау фактілерін анықтады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес міндетті медициналық сақтандыруды уақтылы төлеу туралы талаптарды бұзғаны үшін адамдар жасалған күннен бастап 2 ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
Алайда, облыстың салық органдарымен Кодекстің 62-бабы 2-бөлігі қате қолданып, 200-ден астам кәсіпкерлер әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәттен бастап 2 ай мерзім өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Қазіргі таңда прокурорлық қадағалау актілері бойынша салық органдарының 200-ден астам заңсыз әкімшілік қаулыларының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.