Ақтөбе қаласы прокуратурасының бастамасымен Еңбек мобильділігі орталығымен, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша «еңбек жәрмеңкесі» акциясы ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысты, оларға бизнес ашу үшін мемлекеттік гранттар мен шағын несиелер, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту ұсынылды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша пробация есебінде тұрған 30-дан астам сотталушы білікті заң көмегін алды, сондай-ақ оларға қаламыздың ірі кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға жолдамалар берілді.