Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдары азаптаудың алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдауда.
Бүгінде облыс прокуратурасы «азаптауға төзбеушілік» жобасын іске асыруға кірісті, азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірінші кезектегі шаралар жоспары бекітілді.
Осы мақсатта облыс прокуратурасының жанынан азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел топ құрылды, оның құрамына прокуратура қызметкерлерінен басқа, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі енгізілді.
Құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйелерінде орын алған зорлық-зомбылық фактілері туралы кез келген сигналдар бірінші кезекте азаптау ретінде сараланатын болады.
Жазаның бұлтартпастығы мақсатында заңнамаға азаптау бойынша кінәлі адамды жауапкершіліктен босататын нормаларды қолдануға тыйым салатын өзгерістер енгізілді-бұл рақымшылық жасау, ескіру мерзімдерінің аяқталуы, тараптарды татуластыру және шынайы өкінуі бойынша жауапкершіліктен босату.
Осылайша, процеске қатысушыларға азаптаулар мен қатыгездіктер жасаған лауазымды адамдар жазасыз қалмайды, сонымен қатар олардың нұсқауы бойынша немесе үнсіз келісіммен осы фактілерге жол берілген басшылар да дербес жауапты болады.
Сондай-ақ, біз тұрақты негізде мониторинг жүргізу және кенеттен тексерулер жүргізу арқылы адамдарды заңсыз ұстау фактілерін жою бойынша шаралар қабылдаймыз, қызметтік кабинеттерде, рұқсат етілген уақытта артық болмауын қамтамасыз етудеміз.
Осыған байланысты, құқық қорғау және қылмыстық-атқару органдарының қызметкерлері тарапынан өздеріне қатысты заңсыз әрекеттер орын алған азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын қорғау үшін облыс прокуратурасына осы телефон нөмірлері арқылы жүгіне алады 90-14-14, 90-14-23, 8771 577 08 08, 8708 235 35 30, 8775 503 33 80.