Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру жалғасуда

Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру жалғасуда

Облыс прокуратурасымен қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру жалғасуда.

         Бүкіл процесс цифрландырылған және электрондық форматта өтеді, бұл бұзушылықтардың дереу жолын кесуді және қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.

         Ағымдағы жылы облыс прокуратурасы 10 мыңнан астам процестік шешімдерді зерделеді.

         Осы уақыт ішінде прокурорлар келісуден бас тарту арқылы процеске қатысушылардың құқықтарын қозғайтын 60-тан астам заңсыз шешімдердің қабылдануын тоқтатты.

Қылмыстық шеңберге 20 адамды негізсіз тартуға жол берілмеді, бұл үш буынды модель енгізілгенге дейін 20 есе көп.

         Негізгі шешімдер онлайн режимінде қалыптастырылғандықтан, біз электрондық қылмыстық істердің үлес салмағын арттыра алдық, бұл 97% (6268 іс) құрайды.

         Өткен жылдан бастап үш буынды модельді енгізудің екінші кезеңі басталды, онда прокурорлар аса ауыр санаттағы қылмыстар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасайды.

Ағымдағы жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы туралы есеппен прокурорға 49 іс келіп түсті, оның ішінде қосымша тергеп-тексеруге 6 іс қайтарылды, 43 іс бойынша істерді сотқа жібере отырып айыптау актілері жасалды, барлық адамдар сотталды.

         Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі заңның үстемдігін және азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.