Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық кепілдіктері

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың  құқықтық кепілдіктері

Алға ауданының прокуратурасы, аудандағы барлық уәкілетті мемлекеттік органдары, мүгедектердің құқықтық кепілдіктерін тиісті түрде орындай бермейтіндігін анықтады.

Мүгедектердің әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен кепілдендірілген.

Мысалы, тек осы жылы аудан прокуратурасымен жүргізіліп жатқан мониторингтің барысымен, мүгедектігі бар адамдарға Инва-такси жалған қызметін көрсету фактілері анықталды. Кейбір тұлғалар, ауданда Инва-такси бар екендігі жөнінде мүлдем білмейді.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың заң бойынша салықтар мен басқа да аударымдардан босатылғанына қарамастан, олардын жалақысынан зейнетақы және басқа да аударымдарды ұстап қалу фактілері де орын алуда.

Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бөлігінде де, жергілікті атқарушы органдардың мұқият назарын талап ететін жекелеген проблемалық мәселелер әлі де орын алуда.

Барлық көрсетілген бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасымен прокурорлық ден қою актілері енгізілді. Мүгедектігі бар 30-ға жуық адамның құқықтары қорғалды.

Құрметті аудан тұрғындары! өзіңізге белгілі болған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзу барлық фактілері бойынша аудан прокуратурасын 4-11-79 телефоны арқылы хабардар етуді сұраймыз.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.