Ақтөбеде прокуратура күніне арналған салтанатты жиын өтті

Ақтөбеде прокуратура күніне арналған салтанатты жиын өтті

Мерекеге орай салтанатты жиналыста облыс прокуроры Халидулла Дәуешов ардагерлер мен прокуратура органдары қызметкерлерінің алдында құттықтау сөз сөйледі.

Прокуратура қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, ол прокурорлық қадағалаумен қоғам өмірінің барлық маңызды аспектілері қамтылғанын, ал қызметтің негізгі мазмұны тиімді құқық қорғау миссиясы мен заңның үстемдігі болып табылатынын атап өтті. Прокурорлардың күш-жігері қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың маңызды бағыттарына бағытталған.

Облыс прокуроры прокуратура органдарының құрылу тарихын қысқаша еске салды. 1991 жылғы 6 желтоқсанда Қазақ СРО Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ СРО прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулысымен Қазақ СРО Бас Прокурорына бағынатын прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылды. Осы күннен бастап прокуратура күні атап өтіледі.

Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы А.Ш. Нұғманов және облыс прокуратурасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.К. Жұмағұлов құттықтау сөз сөйледі.

Соңында облыс прокуроры ұжымды және ардагерлерді прокуратура органдарының құрылған күнімен құттықтап, денсаулық, жұмыстарына табыс және отбасыларына амандық тіледі.

Кәсіби мереке құрметіне Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерлері мінсіз қызметі және міндеттерін үлгілі орындағаны үшін төсбелгілермен, Бас Прокурор Құрмет грамотасымен марапатталды, қызметкерлерге арнайы сыныптық шендер берілді.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты.