Ақтөбеде адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесу өтті.

Ақтөбеде адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесу өтті.

Ақтөбе облысының прокуроры Х.З.Дәуешов Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Аққалқа Байдуллинамен кездесті.

А.ж. 28 қазанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Асимованың өкімімен «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңға сәйкес А.Ж.Байдуллина Ақтөбе облысы бойынша өкіл болып тағайындалды.

Аталған Заңға сәйкес уәкілдерге адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін мемлекеттік билік органдарына, құқық қорғау және сот органдарына жүгіну жөнінде кең өкілеттіктер берілген. Уәкілдерге Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар не олардың өкілдері жүгіне алады.

Кездесу барысында Ақтөбе облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің а.ж. өткен кезеңдегі қызметінің қорытындылары, оның ішінде алдағы кезеңде азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар талқыланды.