Ақтөбеде алаяқ сотталды.

Ақтөбеде алаяқ сотталды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс соттары ҚК-тің 190-бабы 3,4-бөлігі бойынша (алаяқтық) 31 (36) адамға қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен барлығы 33 (35) қылмыстық істі қарады.

Ең көп тарағандары:

- Телефон арқылы алаяқтық;

- Интернеттегі алаяқтық;

- Банктік карта бойынша алаяқтық;

- Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетудің жалған қорлары және т.б.

Әдетте, құрбандар ретінде тез және оңай қомақты қаржы тапқысы келетін адамдар болады. Алаяқтар көбінесе адамның сеніміне кіру жолымен, ал кейде жай ғана мұқиятсыздығын пайдаланады, осымен бірге түрлі психологиялық әдістерді белсенді қолдана отырып құрбандарын шатастырып алдайды.

Мысалы, күдікті Е.Келінбердиев Н.Алмашеваны қасақана алдау және сенімін асыра пайдалану жолымен адастырып аса ірі мөлшерде, яғни 12 млн.теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді.

Осы факті бойынша полиция органы ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді (аса ірі мөлшердегі алаяқтық).

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Е.Келінбердиев кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Құрметті біздің облыстың тұрғындары мен қонақтары, кез-келген алаяқтық схемасында қаскүнемдер сізге психологиялық тұрғыдан әсер етуге және сізді тепе-теңдіктен шығарып, қырағылығыңыздан тайдыруға тырысады. Алаяқтардың қулықтарына түспеңіз.