Мүгедек балалардың құқықтары қорғалған

Мүгедек балалардың құқықтары қорғалған

Ақтөбе облысының прокуратурасы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау мәселесін зерделеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету саласы Заңының талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталды.

Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға такси қызметтерін көрсету үшін отырғызу және түсіру үшін арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғылармен жарақтандырылмаған, сондай-ақ кресло-арбаларды бекітуге арналған құрылғыларсыз автокөлік пайдаланылатыны анықталды.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар балалар еркін жүруге шектелген, яғни инватакси уақыты бойынша қызмет сәйкес келмейді (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін), ал заңнамаға сәйкес қызмет көрсету уақыты тәулік бойы қызмет көрсетуі тиіс.

Мұндай регламент мүгедек адамдардың еркін жүріп-тұру құқығын айтарлықтай шектеді.

Прокуратура шаралары бойынша бұзушылықтар жойылды, инватакси қызметі тәулік бойы жұмыс регламентін бекітті және барлық қажетті арнайы құралдармен жабдықталған жаңа автокөлік сатып алды.

Осылайша мүгедек балалардың конституциялық құқықтары қорғалған.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.