Мемлекеттік айыптаушыларға арналған семинар

Мемлекеттік айыптаушыларға арналған семинар

Ақтөбе облысының прокуратурасында кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында мемлекеттік айыптаушыларға арналған оқу семинары өткізілді.

         Бұл іс-шараның мақсаты сотта мемлекеттік айыптауды қолдау сапасын жақсарту.

         Семинар жұмысына мемлекеттік айыптаушылар мен облыс прокуратурасының процессуалдық прокурорлары, сондай-ақ БКБ форматында аудандық прокуратуралардың қызметкерлері қатысты.

         Семинар жұмысын ашқан облыс прокурорының орынбасары Ғалымжан Тілеубаев елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформа жағдайында мемлекеттік айыптауды қолдау прокуратура қызметінің жетекші бағыттарының біріне айналғанын атап өтті. Сотты айыптау функциясынан босата отырып, реформа соттардың қылмыстық істерді қарауына қатысатын прокурордың іс жүргізу жағдайы мен міндеттерін айтарлықтай өзгертеді. Жарыспалылық қағидатын одан әрі дамыту прокурордың, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының процестік құжаттарды жинау және дұрыс ресімдеу жөніндегі жауапкершілігін айтарлықтай арттырады.

         - Мемлекеттік айыптаушының ең оңтайлы тактикалық шешім қабылдай білуі, мемлекеттік айыптауды қолдау процесінде тиімді тактикалық әдістерді қолдана білуі, сөзсіз, мемлекеттік айыптаушының кәсібилігінің көрсеткіші болып табылады.