Ақтөбеде казгидромет бекеттерінің саны артады

Ақтөбеде казгидромет бекеттерінің саны артады

Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы Ақтөбе қаласында атмосфералық ауаның ластануына мониторинг жүргізу жөніндегі шаралардың жеткіліксіздігін анықтады.

Бүгінгі күні облыс орталығындағы ауа жағдайын Қазгидромет қызметі 6 бақылау және қоспаларды анықтау бекеттерінің көрсеткіштері бойынша бағалап отыр.

Бас жоспарға сәйкес Ақтөбе қаласы Орал-Қобда және Орск-Хромтау бағытында салынуда.

Бұл ретте, көрсетілген аудандарда атмосфераның жай-күйін бақылайтын бірде-бір бекет жоқ.

Қолданыстағы заңнаманың талабы бойынша атмосфераның жай-күйін бақылау пункттерінің саны халық санымен, жер бедерімен және ластанудың нақты деңгейімен айқындалады.

Прокуратура шараларымен Ақтөбе қаласы үшін қосымша тағы 2 автоматты мониторинг станциясы сатып алынуда.

Бұл қоршаған ортаның неғұрлым сапалы мониторингін және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.