Ақтөбе облысының прокуроры «Атамекен» ҰКП-мен жұмыс кездесуін өткізді.

Ақтөбе облысының прокуроры «Атамекен» ҰКП-мен жұмыс кездесуін өткізді.

Мемлекет басшысының 01.09.2022 жылғы Жолдауын және Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуроры Х.З.Дәуешов бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйін анықтау мақсатында «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасының басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында облыс прокуроры прокуратура органдары заңсыз тексерулердің, әкімшілік қысымның жолын кесу, сондай-ақ кәсіпкерлерді әкімшілік және қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тарту бойынша бизнестің өткір және өзекті мәселелері бойынша қажетті шараларды тұрақты негізде қабылдап жатқанын атап өтті.

Осылайша, бірлескен күш-жігердің арқасында кәсіпкерлердің 7 жүйелі мәселе шешілді, олардың 4-і прокурорлық қадағалау актілері бойынша.

Кәсіпкерлердің хабарламаларын тәулік бойы қабылдауға мүмкіндік беретін бизнесті қорғау жөнінде жедел кезекші бөлімнің және мобильді топтың бірыңғай нөмірі жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда 227 дабыл пысықталды, 32 бұзушылық анықталды, 27 қадағалау актісі енгізілді, түрлі жауапкершілікке 21 тұлға тартылды, 14 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, прокурорлық қадағалау актілері бойынша олардың пайдасына 92 млн. теңге өндірілді.

Сондай-ақ, Х.З.Дәуешов кездесуге қатысушыларды кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға қатысты 02.09.2022 ж. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының нұсқауымен таныстырып, бизнес субъектілерінің дауларында күштік құрылымдарды пайдалану жағдайларын, мүлікке тыйым салу фактілерін, СДТБТ-де тіркеусіз тексерулер тағайындау және т.б. жағдайларды жоюға бағытталған шаралар туралы түсіндірді.

Кездесу қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар облыс прокурорының «Атамекен» ҰКП алаңында прокуратура басшылығының кәсіпкерлерді жеке қабылдауы туралы бастамасын бірауыздан қолдады.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасының басшылығы прокуратураға кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.