Активтерді қайтару және криминогендік жағдай мәселелері Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Активтерді қайтару және криминогендік жағдай мәселелері Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Мемлекет басшысының 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауын және Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру аясында қылмысқа қарсы күреске және елден заңсыз әкетілген капиталды қайтаруға бағытталған заңнаманы қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облысында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Ақтөбе облысының прокуроры Х.З. Дәуешов отырысты аша отырып, Президент пен Бас Прокурордың алдымызға заңсыз шығарылған активтерді қайтару және әділдікті қалпына келтіру жөнінде айқын мақсаттар қойылғанын атап өтті. Басты мақсат сотқа жолданған қылмыстық істердің саны емес, елден заңсыз шығарылған активтерді нақты қайтару болып табылады.

Сондай-ақ, Х.З. Дәуешов ағымдағы жылы прокуратура органдары криминогендік жағдайды бақылауға және активтерді қайтаруға ерекше назар аударғанын ерекше атап өтті.

Отырыста облыс прокурорының орынбасары Ғ.Н.Тілеубаев және құқық қорғау органдарының басшылары баяндама жасап, ұсыныстар келтірді.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі есірткінің заңсыз айналымына, интернет-алаяқтыққа, жол-көлік оқиғаларына қарсы күреске бағытталған бірлескен іс-шаралар әзірледі, қылмыстың алдын алу, капиталды шетелге шығару және құқық үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде басым міндеттерді айқындады.