Ақтөбе облысында жаңа прокурор таныстырылды

Ақтөбе облысында жаңа прокурор таныстырылды

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Ақтөбе облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы тағайындалды.

Облыстың қадағалау ведомствосының жаңа басшысын облыстық прокуратура ұжымына таныстыру үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаев келді.

Прокурорлармен және құқық қорғау, арнайы органдардың басшыларымен кеңес барысында, кеңеске қатысқан өңір басшысы О.С. Оразалин, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаев облыстың бұрынғы прокуроры М.Ж. Қайбжановқа алғыс айтып, оған табыс тіледі.

Х.З. Дауешов еңбек жолын 1991 жылы Атырау қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Атырау облысы Жылыой және Мақат аудандарының, Атырау қаласының прокуроры, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Қызылорда және Атырау облыстарының прокуроры болған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 30 жылдан астам.

Ауғанстан Республикасында интернационалдық парызын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен әскери батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 05.04.1985 жылғы Жарлығымен «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 23.02.1988 жылғы Жарлығымен «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалімен марапатталған, 1988 жылы «Ауған халқынан жауынгер интернационалистке ризашылық білдіру» медалі, 28.12.1988 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Интернационалист жауынгерге» грамотасы, 1988 жылы «Интернационалист жауынгерге» медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2002 жылғы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының прокуратураның 20 жыл» медалімен, 2012 жылы  «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл» медалімен, 2013 жылы «Прокуратура құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы прокуратурасына 25 жыл» медалімен, 05.12.2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 2019 жылы «Прокуратура ардагер» медалімен марапатталған.