Пайдаланылмаған жайлымдар мемлекетке қайтарылды

Пайдаланылмаған жайлымдар мемлекетке қайтарылды

Ақтөбе облысында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы жер заңнамасы саласындағы өзекті мәселе болып табылады.

Облыс прокуратурасымен 2019-2022 жылдар кезеңінде 1,7 млн.га пайдаланылмайтын жайылымдар анықталды, олардың ішінде а.ж. 667 мың га.

Аталған кезеңде қадағалау актілерімен 257,7 мың га жайылым қайтарылды, 405 мың га жайылым ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді (иелері оларды пайдалана бастады).

Бұда басқа, ауданы 32,5 мың га заңсыз берілген жайылымдар мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Мемлекет басшысының халықты жайылымдармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жергілікті атқарушы органдар халықтың мал жаюы үшін қосымша 103,2 мың га жайылымды бекітті, оның ішінде 73% (75,3 мың га) прокурорлық қадағалау актілері негізінде.

Сонымен қатар, халықтың (жеке аулалардың) мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін 105,1 мың га жайылымдық алқаптарды бекіту қажеттілігі анықталды. Осы мақсатта прокуратура органдарының бастамасымен жекелеген аудан әкімдіктері мемлекет мұқтажы үшін жайылымдарды алып қою рәсімдерін бастады.

Жалпы, облыстың прокуратура органдары 57 қадағалау актісін енгізді, 70 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 9 тұлға мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.