Ақтөбе облысының прокуратурасында 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыланды

Ақтөбе облысының прокуратурасында 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыланды

Алқа отырысында облыс прокуроры Марат Қайбжанов ағымдағы жылы прокуратура органдары криминогендік жағдайды бақылауға, қылмыстық-құқықтық саладағы реформаларды жалғастыруға, азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешу бойынша қадағалауды күшейтуге ерекше назар аударғанын атап өтті.

Жеке құрамға Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың азаптауларға, алаяқтыққа, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл, ұрланған активтерді қайтару, балаларға қарсы жыныстық қылмыстар, есірткі саудасы бойынша тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін сапалы қарауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс кезінде жалпы қылмыс деңгейінің төмендеу динамикасы қамтамасыз етілгені атап өтілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада жерді ұтымды пайдалану, монополияға қарсы, еңбек заңнамасы, көлеңкелі экономика, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды мемлекеттік қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері және басқа да өзекті бағыттар бойынша нәтижелі тексерулер мен талдаулар жүргізілді.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 240 мың азаматтың құқықтары қорғалды, мемлекет кірісіне 1,6 млрд.теңге, мемлекетке 570 млн. теңге сомасында мүлік қайтарылды, 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу саласындағы 20 конкурстың қорытындылары жойылды, бюджетке 1 млрд. теңгеден астам сомаға салық берешегі өндіріп алынды. Прокурорлар 35 жеке балабақшаға қатысты заңсыз тексерулердің алды алды.

Алқа қорытындысы бойынша облыс прокуроры азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, азаптауларға, қылмыстарға қарсы іс-қимыл, капиталды шетелге шығару, мемлекет пен бизнестің мүдделерін қорғау, халықтың сенім деңгейін арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету бойынша басым міндеттерді белгіледі.

Өңірде заңдылықты нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.