Медициналық тексеру үшін 5000 теңге.

Медициналық тексеру үшін 5000 теңге.

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы медициналық тексерудің бағасының өскендігі туралы келіп түскен өтініштерді ескере отырып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған ХҚКО қызметіне талдау жүргізді. 

Мамандандырылған ХҚКО-да медициналық тексеруді Түркістан облысының жеке компаниясы жүргізетіні анықталды, осы компания наркологқа қаралу үшін (зерттеулермен қоса) 5 000 теңге көлеміндегі баға белгілеген.

Дегенмен, уәкілетті органдардың деректері бойынша компанияның медициналық қызметтер көрсетуге лицензиясы және санитариялық қорытындысы болмаған, ал белгіленген төлем Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтен асып түседі (1 015,58 тг.).

Талдау қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.