Ақтөбеде еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды

Ақтөбеде еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды

Ақтөбе облысының прокуратурасы шетелдік қатысуы бар компаниялардың қызметінде еңбек заңнамасының сақталуы, соның ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша тексерулер жүргізді.

Тексеру нәтижелері еңбек заңнамасының көптеген бұзушылықтары, еңбек жағдайлары бойынша кемсітушілік және еңбекақы төлеу, тиісті рұқсаттарсыз шетелдік жұмыс күшін тарту не берілген рұқсатқа сәйкес келмейтін мамандық бойынша оларды тарту.

Мәселен, тексеру шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға берілген рұқсат бойынша заңсыз қызметін жүзеге асырғаны үшін 52 шетелдік қызметкер тартылды. 

М-Техсервис, «Великая стена», «Восток нефть» және КНИСГ ЖШС қызметінде Қазақстандық және шетелдік қызметкерлер арасындағы жалақыдағы сәйкессіздік фактілері анықталды.  

«М-Техсервис» ЖШС-де шетелдік бөлім бастығының жалақысы 422 936 құрайды, ал Қазақстан бөлім бастығының жалақысы 396 060 теңгені құрайды.

Еңбек заңнамасын бұзу

 «АММК» ЖШС-де серіктестіктің 11 қызметкеріне үстеме жұмыс үшін 1.2 млн.теңгеден астам сома үстемеақы төлемеу фактілері анықталды.

 «СИНОПЭК» ЖШС ұжымдық шарттарында жұмыскерге 2 айға орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдеріне кепілдік беріледі.

Алайда іс жүзінде жұмыс беруші 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Нәтижесінде «СИНОПЭК» ЖШС 96 қызметкерге 9 440 641 тг өтемақы төлемдері жүргізілмеген.

Сонымен қатар, тексеру аясында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан толық медициналық сақтандырудың болмау фактілері анықталды.

Еңбек жағдайлары бойынша кемсітушілік.

 «Ақтөбемұнайгаз» СНПС АҚ-да қытайлық мамандарға демалысқа жіберген кезде (орта есеппен 5-тен 11 млн.теңгеге дейін) іссапар және үшінші елдерде (Германия, БАӘ және т. б.) тұру ақысы заңсыз төленеді.

Бұл ретте басқа өңірлерден келген қазақстандық қызметкерлерге Ақтөбеден үйге дейін (Шалқар, Қызылорда, Ақтау және т.б.) жол жүру ақысы төленбейді.

 «Великая Стена» ЖШС қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын зерделеумен тең емес еңбек жағдайларын жасау фактілері анықталды.

Атап айтқанда, лауазымдық нұсқаулықтармен шетелдік қызметкерлерге объектілерде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жүктеместен, жұмыстардың орындалуын бақылауды ғана жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.

 «Восток нефть» ЖШС-де санитарлық-тұрмыстық жағдайлар мәселелері бойынша қазақстандық қызметкерлерді кемсіту фактілеріне жол беріледі

Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің ауданы бір адамға кемінде 6 м2 есебінен айқындалады.

Алайда Серіктестік объектілерінде бұл талаптар сақталмайды.

Жалпы ауданы 10 м2 жылжымалы вагондарда екіден үшке дейін кәсіпорын қызметкерлері (Қазақстан Республикасының азаматтары) тұрады.

Бұл ретте шетелдік қызметкерлерге арналған тұрғын үй-жайлар санитариялық нормаларға сәйкес келеді (10 м2-ге бір адамнан тұрады).

         Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген, оның ішінде еңбек қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында тексеру нәтижелері бойынша облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына және облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы