Ақтөбеде анасын өлтіргендігі туралы қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтөбеде анасын өлтіргендігі туралы қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен қыздың анасын өлтірді деген айыппен 19 жастағы жігіт пен 16 жастағы қызға қатысты айыптау актісі жасалды.

Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында айыпталушылар марқұмның тұрғылықты жері бойынша жасалған қылмыс туралы бірнеше күннен кейін ғана хабарлағаны анықталды.

Айыпталушылардың іс-әрекеті адамдар тобымен кісі өлтіру, ҚР ҚК-нің 99-бабының 2 бөлігі бойынша сараланған.

Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы