Прокурорлар заңсыз су пайдаланушыларды анықтады

Прокурорлар заңсыз су пайдаланушыларды анықтады

Табиғат қорғау прокурорлары су заңнамасының сақталуын талдады.

Су кодексіне сәйкес біздің елімізде суды пайдалану 2 түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.

Егер бірінші жағдайда ешқандай рұқсат беру құжаттары талап етілмесе, онда арнайы су пайдалану уәкілетті органның рұқсаты негізінде және онда айқындалған мақсаттар үшін ғана жүзеге асырылады.

Арнайы су пайдалануға техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану жатады.

Талдаумен 6 компания анықталды («Айс» ЖШС, «IBG Catering» ЖШС, «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, «Кірпіш зауыты» ЖШС, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Южпромснаб» ЖШС), олар ағымдағы жылы суды қажетті рұқсатсыз техникалық қажеттіліктерге пайдаланды.

Мысалы, «IBG Catering» ЖШС суды негізінен шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланды (жасыл желектерді суару және т.б.). Осы ұйым пайдаланған судың жалпы көлемі 8,52 мың м3 құрайды.

Табиғат қорғау прокуратурасының ұсынуы бойынша заңсыз су пайдаланғаны үшін аталған барлық субъектілер Әкімшілік кодекстің 141-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні жалпы сомасы 800 мың теңгеге салынған барлық айыппұлдар өндірілді.