Балалар суреттерінің байқауы

Балалар суреттерінің байқауы

Ақтөбе облысының прокуратурасында балаларды қорғау күніне арналған балалар суреттерінің конкурсы өткізілді.

         «Қазақстан бала көзімен» атты облыстық прокуратура органдары қызметкерлерінің 15 жасқа дейінгі балалары қатысты.

         Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың патриотизмін, мәдениетін қалыптастыру, олардың жеке және шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау, көркем шығармашылық арқылы өз Отаны үшін мақтаныш сезімін білдіру болып табылады.

         Байқау қорытындысы бойынша 7 жасқа дейінгі балалар тобында I орынды Зейін Еркін, II орынды Амирова Данэлия, III орынды Сәбитов Санжар иеленді.

         7 жастан 11 жасқа дейінгі топта I орынды Таналиева Ясмин, II орынды Галиева Ұлжан, III орынды Иран Томирис иеленді.

         11 жастан 15 жасқа дейінгі топта I орынды Жұма Сабрина, II орынды Орынбасарова Нурай, III орынды Малик Нурай иеленді№

         Іс-шара соңында барлық қатысушыларға мерекелік концерт ұйымдастырылып, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы