Ақтөбе облысында табиғатты қорғау заңнамасының талаптары бұзылды

Ақтөбе облысында табиғатты қорғау заңнамасының талаптары бұзылды

Ақтөбе облысы прокуратурасы тұрақты негізде табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізеді.

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысы Ойыл ауданында мал өлекселерінің дер кезінде жойылмағаны туралы жарияланым кеңінен таралды.

Суретте қарапайым мал қорымының аумағына шашыраған ірі қара малдың көптеген өлекселері көрсетілген.

Аталған дерек табиғат қорғау прокуратурасымен зерделенді.

Белгілі болғандай, қысқы мезгілде осы алаңда иелері өлген үй жануарларының өлекселерін жинауы, олардың үйілуіне әкелген.

Қазақстанда өлі жануарларды жою бөлігіндегі ветеринария мәселелері биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату Қағидаларымен реттеледі.

Осы Қағидаларға сәйкес жануарлардың өлекселері түріндегі биологиялық қалдықтарды жедел жою қажет. Мұндай қалдықтарды су айдындарына, қоқыс контейнерлеріне тастауға, оларды қоқыс тастайтын жерлерге және көму полигондарына шығаруға тыйым салынады. Бұл олардың жинақталуын және қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қажет.

Сондай-ақ мал қорымына қойылатын талаптарды реттейтін ветеринариялық Қағидалар бар. Егер оларды ескеретін болсақ, Ойыл аудандағы алаң мал қорымы ретінде пайдалануға жатпайды. Себебі, осы Қағидаларды бұза отырып, периметр бойынша траншеясы мен қоршау жоқ. Бұл оған үй және жабайы жануарлардың бос кіруіне мүмкіндік береді, кейін олар әртүрлі аурулардың тасымалдаушысы болу қауіпі туындайды.

Табиғат қорғау прокуратурасының ұсынуы негізінде барлық малдардың өлекселері кәдеге жаратылды, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ сапасыз бақылау үшін аудандық ветеринариялық инспектор тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Қазіргі уақытта облыстық ветеринариялық инспекция облыс бойынша барлық мал қорымдарының талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуде.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы