Қауіпті қалдықтар табиғатты уландырды

Қауіпті қалдықтар табиғатты уландырды

Ақтөбе облысының прокуратурасы 2018-2020 жылдар аралығында біліктілік талаптарына жауап бермейтін субъектілерге қауіпті өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату үшін беру фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, феррохром өндірісі кезінде түзілетін «Қазхром» ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қауіпті қалдықтары тиісті рұқсаттары мен мүмкіндіктері жоқ кәсіпорындарға («Сайлан Ақтөбе» ЖШС, «KA2 Business Groups» ЖШС, «Зеленстрой» ЖШС) берілді.

Аталған кәсіпорындар көрсетілген кезеңде Ақтөбе қаласындағы дайындалмаған немесе ашық иесіз учаскелерде өңдеусіз 150 мың тоннадан астам қауіпті қалдықтарды орналастырған.

Қадағалау актілері бойынша уәкілетті орган зауыттың барлық қауіпті қалдықтарын алушыларды тексерді, жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартты, сондай-ақ 80 млн.теңгеден астам сомаға залал өтелді.

Бүгінгі таңда ферроқорытпа зауыты 50 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, барлық заңсыз берілген қалдықтар аталған кәсіпорындардың аумағынан шығарылды.

Бұдан басқа, қадағалау актісі бойынша БМҚ-ға қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджетке 2,6 млрд.теңге мөлшерінде төлемдерді есептеу туралы хабарлама қойылды.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы