Ақтөбе облысының прокуроры бизнес-омбудсменмен кездесті

Ақтөбе облысының прокуроры  бизнес-омбудсменмен кездесті

Ақтөбе облысының прокуратурасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.Жүрсіновпен жұмыс кездесуі өткізілді.

         Кездесу кәсіпкерлікті қорғау мәселелеріне арналған.

         Облыс прокуроры бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

         Кәсіпкерлердің 7 жүйелі мәселелері шешілді, олардың 4 прокурорлық қадағалау актілері бойынша.

         Кәсіпкерлердің сигналдарын тәулік бойы қабылдауға мүмкіндік беретін бизнесті қорғау жөніндегі жедел кезекші бөлімнің және мобильді топтың бірыңғай нөмірі жұмыс істейді.

         Мобильді топтардың құрамына облыс прокуратурасының, ҚСжАЕКБ, сондай-ақ өңірлік Палатаның тәжірибелі қызметкерлері енгізілген.

         227 сигнал бірлесіп қаралды, 979 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 16 заңсыз тексеру бұзылды, 2 шектеу-тыйым салу шаралары, 1 706 445 теңге сомасына 13 әкімшілік өндіріс жойылды, 1 қылмыстық іс қысқартылды.

         Өз кезегінде бизнес-омбудсмен прокуратураға кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

 

                                                        Ақтөбе облысының прокуратурасы