Мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді

Мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарды үйлестіру шеңберінде әлеуметтік қолдаумен қамтылмаған 5 отбасы анықталды.

         Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды зерттеу демалу мен балаларды оқуға дайындауға арналған жиһаздың, қалыпты тәрбие мен дамуға арналған жағдайлардың жоқтығын көрсетті.

         2012 ж.т. мүгедектігі бар бала қажетті оңалту құралдарымен толық көлемде қамтамасыз етілмеген отбасы анықталды.

         Екі отбасында ата-аналар алкогольді асыра пайдаланады, үйде санитарлық нормалар бұзылған, баланың мүгедектік алу мәселесі шешілмеген.

         Қабылданған бірлескен шаралар нәтижесі бойынша 5 отбасы «қолайсыз отбасы» санаты бойынша есепке алынды, оларға әлеуметтік және материалдық көмек көрсетілді, бала кезінен мүгедектігі бар бала оңалтудың қажетті құралдарымен қамтамасыз етілді (жеке оңалту бағдарламасы бойынша балаларға арналған бас ұстаушы, корсет), 3 бала мектепке дейінгі мекемеге қабылданды, 3 бала мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілді, 2 қолайсыз бала отбасылар полицияның профилактикалық есебіне қойылды.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы