Ірі кәсіпорындарда азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды

Ірі кәсіпорындарда азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды

Облыс прокуратурасы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша ірі, қала құраушы кәсіпорындар мен еңбек жағдайлары ауыр және (немесе) зиянды кәсіпорындарға тексеру жүргізді.

Еңбек заңнамасының, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі туралы заңнаманың, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың көптеген бұзушылықтары анықталды.

Осылайша, ең жүйелі бұзушылықтар: жұмыскерлерді сақтандыру бойынша міндеттемелерді сақтамау, медициналық көмекпен және медициналық тексерумен қамтамасыз етпеу, сондай-ақ жұмыскерлердің құқықтарын кемсіту фактілеріне жол беру болып табылады.

Атап айтқанда, «Восток нефть и сервисное обслуживание» ЖШС-де медициналық пункт және Серіктестіктің вахталық кенттерінде медициналық жұмыскер жоқ, бұл өндірістік жарақат алған кезде уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндігін болдырмайды, сондай-ақ Ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалмауы болып табылады.

Бұдан басқа, жұмыскерлердің тең өндірістік-тұрмыстық жағдайлардағы құқықтарын кемсіту фактілері анықталды.

Дөң тау-кен байыту комбинатының «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы қызметінде жұмыскерлерді міндетті сақтандыру бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындамау фактілері, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің санитарлық-курорттық емдеуге жіберілмегені анықталды.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының және Дөң тау-кен байыту комбинатының басшылығы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беріп келеді.

Қазіргі уақытта қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіру бойынша сәйкесінше шаралар қабылданды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокурорлық қадағалау саласындағы басым бағыттардың бірі, сондықтан Ақтөбе облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

    Ақтөбе облысының прокуратурасы