Бірінші форум «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды»

Бірінші форум «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды»

Бірінші форум «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды»

 

А.ж. 27 қазанында Ақтөбе облысының әкімдігі прокуратурамен бірлесіп  «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты Бірінші форум өткізді.

Оған Ақтөбе облысының әкімі, Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері, облыстық соттың төрағасы, облыстық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, облыс пен аудандардың Қоғамдық кеңестерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, қаланың ұйымдары мен кәсіпорындарының басшылары мен олардың қызметкерлері, бейнеконференцбайланыс режимінде - әкімдер, аудандық мәслихаттардың хатшылары, аудан прокурорлары, бизнес өкілдері қатысты.

Форум жеке қатысу және онлайн режимінде өткізілді, сондықтан қатысушылардың құрамын айтарлықтай кеңейтті және баяндамалар мен пікірталастарды қол жетімді қылды.

Форум жұмысын ашқан Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде халықтың қауіпсіздік деңгейіне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

2019 жылдан бастап облыста Қоғамды құқық бұзушылықтардың алдын алуға тарту жөніндегі жоба іске асырылуда.

Бұл жоба бірегей, себебі республикада алғаш рет іске асырылуда, елімізде мұндай іс-шара болмаған.

Жобаның ауқымын жария ете отырып, Ақтөбе облысының прокуроры Марат Қайбжанов жобаның ведомствоаралық жоспар түрінде іске асырылып жатқанын, онда мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара іс-қимыл нысандары, халық жасақтарын құру, еріктілер қозғалысының жастар желісін дамыту, қоғамдық бірлестіктерді, ҮЕҰ, ЖОО-ын, еңбек ұжымдарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысқа тарту көзделгенін атап өтті.

Азаматтық қоғам институттарын тарту үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: «қалалық аумақтарды патрульдеу», «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «облыс аудандарындағы қылмыстарға криминологиялық талдау жүргізу».

Бүгінгі таңда барлық осы аспектілер бойынша оң өзгерістер бар. Ағымдағы жылы жобамен қамтылған қоғамдық орындарда және қолайсыз отбасыларда қылмыстың төмендеуі немесе болмауы байқалды. Мәртөк ауданында криминологиялық талдау ұсынымдарының орындалуы аудандағы барлық қылмыс түрлерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

Форум барысында белсенді қоғамдық көмекшілер мен олардың басшылары марапатталды. Ақтөбе хром қосылыстары зауытының жобаға белсенді қатысып отырғаны атап өтілді, олардың қызметкерлері Ақтөбе аудандарының біріне патруль жүргізуде.

Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмысшыларды тарту бойынша кәсіпорындармен барлығы 15 меморандум жасалды. Бұл жобаға жақын арада тағы 80 кәсіпорын қосылады деп жоспарлануда.