Тұтынушыларға тарифтерді төмендету туралы

Тұтынушыларға тарифтерді төмендету туралы

Хромтау ауданында 3,5 мыңнан астам тұтынушыға сумен жабдықтау қызметтері үшін тарифтер төмендетілді.

         Хромтау ауданының прокуратурасы «Хромтау су» және «Никельтау жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдады.

         Заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф табиғи монополия субъектісі ұсынған бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді жыл сайынғы талдау нәтижелері бойынша бекітіледі.

         Тарифтік сметаларды орындау жөніндегі «Хромтау су» және «Никельтау жылу» КМК есептерін зерделеуде бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарының орындалмауы анықталды, яғни көрсетілген табиғи монополия субъектілері бекітілген тарифтік сметаның шығыстарына арналған шығындарды көтерген.  

         Қабылданған шаралардың нәтижесінде а.ж. қыркүйегінен бастап Хромтау ауданының «Хромтау су» және «Никельтау жылу» қызметтерінің тұтынушылары үшін сумен жабдықтау қызметтері үшін тарифтер «Хромтау су» КМК бойынша 168,3 теңгеден 155,23 теңгеге дейін, «Никельтау жылу» КМК бойынша 178,08 теңгеден 149,77 теңгеге дейін төмендетілді.

         Мысалы, Никельтау с. өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірі 2020 жылы 1 ай ішінде сумен жабдықтау қызметтері үшін 77 мың теңгеден астам мөлшерде ақы төлеген, ағымдағы жылы тариф төмендегеннен кейін қызмет үшін төлем өткен жылға қарағанда төмен болады.

                                                                          Ақтөбе облысының прокуратурасы