Қарғалы ауданына жұмыс сапары туралы

Қарғалы ауданына жұмыс сапары туралы

Ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте облыс прокуроры Қайбжанов Марат, Облыс әкімі Оразалин Оңдасын және облыстық Полиция департаментінің бастығы Арыстанов Атығай Қарғалы ауданына барып, ауданның қоғамдық кеңесінің отырысында қылмыстың криминологиялық талдауының есебін таныстырды.

         Ақтөбе облысы прокуратурасының бастамасымен 2019 жылдан бастап Ақтөбе қаласында «Жұртшылықты құқық бұзушылықтардың алдын алуға тарту» жобасы іске асырылуда.

         Бұл жобаның бір бағыты-қылмысты криминологиялық талдау бойынша ғылыми зерттеу.

         Зерттеудің мақсаты-ауданда қылмыстың алдын алуда нақты объективті жағдайды анықтау және оны жою бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ол үшін мемлекеттік және жеке ұйымдардың жиналған материалдары кешенді түрде зерделенеді, қоғамдық пікір, құқық бұзушылықтардың себептері мен жасалу құралдары, олардың серпіні мен салдарлары талданады.

         2020 жылы Ғылыми және арнайы зерттеулер орталығы Мәртөк ауданы бойынша зерттеу жүргізді, нәтижелері бойынша аудандағы криминогендік жағдайды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді, нәтижесінде ұсынымдарды орындау осы жылы Мәртөк ауданында қылмыстың барлық түрлерін азайтуға мүмкіндік берді.

         Осы оң нәтижені ескере отырып, ағымдағы жылы осындай зерттеу Қарғалы ауданында жүргізілді.

         Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарына жұртшылықпен бірлесіп есепте көрсетілген барлық ұсыныстардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

         Облыс прокуроры құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінде жұртшылықпен өзара іс-қимылды күшейту қажеттігіне назар аударды.

         Сонымен қатар осы сапар аясында қылмыстық процестің үш буынды моделі мәселесі бойынша аудандық прокуратура ғимараттары мен аудандық полиция бөліміне барды.

 

                                                                              Ақтөбе облысының прокуратурасы