Ақтөбе облысының прокуратурасы мемлекетке келтірілген залалды өтеді

Ақтөбе облысының прокуратурасы мемлекетке келтірілген залалды өтеді

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде - көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейту, капиталды шығаруға және салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті күшейтуді айқындады.

         Облыс прокуратурасымен басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құру бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданды.

         А.ж. 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекетке 2 млрд. теңгеден астам залал өтелді.

         Бірлескен жұмыс нәтижесінде ұйымдасқан топтың (бұдан әрі-ҰҚТ) қылмыстық әрекеті әшкереленді, ол пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды орындамай, заңсыз шот-фактураларды жазу бойынша бірнеше рет іс-әрекеттер жасап, мемлекетке 1 млрд.теңгеден астам мөлшерде аса ірі залал келтірді.

         Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

         Ағымдағы жылы соттармен экономикалық қылмыстарды жасағаны үшін 9 адамға қатысты 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

         Осыған байланысты, облыс прокуратурасы кәсіпкерлерді заңды бұзбауға, кәсіпкерлік қызметті мемлекет мүддесіне залал келтірмей жүргізуге шақырады.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы