Ақтөбеде кәсіпкерлер заңсыз тексерілген

Ақтөбеде кәсіпкерлер заңсыз тексерілген

Ақтөбеде кәсіпкерлер заңсыз тексерілген

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы жанында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтар жұмыс істейді, олардың жұмысы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 жыл мерзімге бизнесті тексеруге мораторий күшіне енді, Мемлекет басшысы прокурорларға барлық құқық қорғау органдарымен бизнес қатынастарында заңдылықты мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Прокуратура органдары шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін 9 заңсыз тексеруді анықтады, олар прокуратураның қадағалау актілері бойынша жойылды.

Мысалы, мобильдік топ Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының майды ауыстыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерді заңсыз тексеру фактісін анықтап, оны өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мобильді топтың араласуы нәтижесінде кәсіпкер әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың арқасында кәсіпкерлерді, оның ішінде 9 шағын және микробизнеске қатысты 9 негізсіз тексерудің алдын алынды.

Кәсіпкерлер өз құқықтарын бұзу мәселелері бойынша тәулік бойы облыс прокуратурасының Сall-орталығына 8-747-787-66-50, 8-778-319-87-61, 8-702-945-42-33 нөмірлері бойынша хабарласа алады.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы