Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Облыс прокуратурасымен, уәкілетті органдардың үйлестіруімен өңірде қылмысты азайту бойынша шаралар қабылдануда (7% - ға өсу (2810-нан 3010-ға дейін).

Мәселен, 2021 жылғы 5 мамырда Ақтөбе облысы прокуратурасының бастамасы бойынша Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда өңірде қылмыстың және оның жекелеген түрлерінің өсу мәселесі қаралды.

Оған негіз облыс орталығындағы криминогендік жағдайдың жай-күйінің талдау нәтижелері, оның ішінде алаяқтық бойынша

Отырыста құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде интернет алаяқтықтың және қаржы пирамидаларының қызметі бойынша шараларды үйлестіру, Ақтөбе қаласының неғұрлым криминогенді аудандары бойынша патрульдеу бағыттарын қайта бөлу, ұрланған тауарларды өткізу орындарын пысықтау, бейнебақылау жүйесін дамыту мәселелері қаралды.

Қылмыстың, оның жекелеген түрлерінің алдын алу және уәкілетті органдардың жұмысын жандандыру мақсатында облыс прокуратурасы Ішкі істер органдарына бірқатар тапсырмалар берді.

Олардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы алаяқтықтың кең таралған тәсілдері және қылмыстың осындай түріне ұшыраған адамдар туралы, қаржы пирамидаларының қызметіне қатысудың теріс салдары және оларға салынған ақша қаражатын жоғалту тәуекелі туралы, полиция экипаждарының патрульдеу бағыттарын қайта қарау туралы ауқымды құқық түсіндіру жұмыстарын қарастырылған.

Үйлестіру кеңесінің шешімімен алдын алу проблемаларын жүйелі шешуге бағытталған шаралар бекітілді.