Кәсіпкерге салынған айыппұлдың күші жойылды

Кәсіпкерге салынған айыппұлдың күші жойылды

Облыс прокуратурасы заңсыз әкімшілік айыппұлдың күшін жойды.

Ақтөбе облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы шетелдік көлік құралымен жүк тасымалдағаны үшін «Нұр-Пейш» шаруа қожалығының басшысына қатысты 227 880 теңге сомаға әкімшілік хаттама жасады.

Тексеру барысында кәсіпкердің жүкті материалдық пайда алу мақсатынсыз, жеке қажеттіліктері үшін тасымалдағаны анықталды.

Кәсіпкердің негізгі қызметі жүк тасымалдау емес, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру болып табылатынын атап өтеміз.

Қадағалау актісі бойынша әкімшілік айыппұлдың күші жойылды, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі