қосымша демалыс берілді

қосымша демалыс берілді

Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы қаланың білім ұйымдары мен  медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне заңды демалыс берілуіне қол жеткізді.

Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші неке тіркелгенде, бала туылғанда, жақын туыстары қайтыс болғанда және т.б. күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

Алайда тексеру барысында қаланың орта оқу орындары мен медициналық ұйымдары қызметкерлерінің еңбек шарттарында қосымша демалыс беру көзделмегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі адамдар тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 мыңнан астам қызметкердің құқығы қалпына келтірілді.

 

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі